Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ауданымызда жалпыхалықтық сенбілік шарасы өтті.
Мереке қарсаңында ауданымыздың абаттанып, көркеюі жолында қолға қүрек алып, білек сыбана кіріскен тұрғындар кентті қоқыстан тазартып, кейін арнайы көліктермен қоқыстарды кент сыртына шығарды. Сенбілікке ауданымыздағы барлық мекеме қызметкерлерімен қатар, кент тұрғындары және аудан әкімі Руслан Рүстемұлы да қатысып, белсенділік танытты. Шарада сөз алған аудан басшысы жүргізіліп отырған сенбілік ауданымыздағы болашағы зор саябақтар мен әлеуеттік нысандардың абаттануымен қатар, ауданымыздың ажарына сән беретіндігін жеткізіп, алдағы шараларға ауыл тұрғындарын белсене атсалысуға шақырды. Аталмыш сенбілік «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 көшет отырғызу» акциясымен жалғасты. Акцияға қатысқан аудан әкімі, орынбасарлар, ҮЕҰ мүшелері, бөлім басшылары, ерікті жастар мен БАҚ өкілдері «Тәуелсіздік» көшесінің бойына 25 түп көшеттен отырғызды.
P/s. Жаңақорған ауданында санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында наурыз айының 10-нан бастап мамыр айының 10-на дейін екі айлық тазалық айлығы жарияланған болатын.