Аудан орталығында қалалық (кентішілік) 7 бағытта қоғамдық көліктер тұрақты қызмет көрсетсе, 16 ауылдық округке қарасты 27 елді-мекен мен Қазалы қаласын аудан орталығына көлік қатынасы орнатылған.
Сондай-ақ, жақын орналасқан елді-мекендерде жеке кәсіпкерлер такси қызметін көрсетуде. Маршруттар жүретін көшелер мен автобус аялдамаларына, такси тұрағына заңдылықтарға сәйкес арнайы белгілер орнатылған.
«Нұршуақ» автостанциясынан елді-мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктерге жолаушылары билетінің сатылуы бір жолға қойылған.
Бүгінде 62,3 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаржылық мәселеге байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілмеген көшелер мен автомобиль жолдарының барлығына уақытша құм-тас төсеу жұмыстары қарастырылуда.