Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОБЛЫСТЫҚ ОМАРТАШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

ОБЛЫСТЫҚ ОМАРТАШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫБүгін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында өткізілген омарташылардың бас қосуында кәсіпкерлер Бақберген Досмамбетовті облыстық омарташылар Қауымдастығының төрағасы етіп сайлады. Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 
Айта кету керек, шара облыстағы БҰҰ Даму бағдарламасы (ПРООН) мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр.
Аймақта бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың басын қосқан «Қызылорда облысының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында бал ара шаруашылығын дамыту» атты семинарға облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, «Бал-Ара» омарташылар Қауымдастығының вице-президенті Ғабит Нұрәділ, Шығыс Қазақстан облысындағы БҰҰ бірлескен бағдарламасының грант иегері омарташы- Нұрлан Сағындықов және аймақтың омарташы-кәсіпкерлері қатысуда.
Семинардың негізгі мақсаты - Қызылорда облысы омарташыларының қызметтерiн Қазақстанның «Бал-Ара» омарташылар ұлттық одағымен бiрлесе жүргiзiп, заманауи омарташылық технологияларды енгiзу мәселелерi бойынша отандық және шетелдiк ғылыми мекемелермен, салалық ауыл шаруашылық органдарымен өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, мамандар даярлау саясатын жолға қою, жаңа технологияларды пайдалана отырып бал ара шаруашылығын дамыту, омарташылықты бизнеске айналдыру т.б.
Шараға қатысқан қызылордалық омарташы-кәсіпкерлерге шығыс қазақстандық әріптестері, БҰҰ бірлескен бағдарламасының грант иегері омарташы – Нұрлан Сағындықов бал ара шаруашылығында жеткен жетістіктерімен және жұмыс тәжірибесімен бөлісуде. Семинар 9 сәуірге дейін жалғасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: