Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ 12 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ АЛТЫНЫН ҰРЛАҒАНДАР АЛЫСҚА ҰЗАҒАН ЖОҚ

Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері алтын бұйымдар салынған сөмкені ұрлап, жалпы сомасы 12 миллионға жуық шығын келтірген 2 азаматты қолға түсірді.   
Оқиға ағымдағы жылдың 1 сәуірінде орын алған. Шиелі ауданының орталығында орналасқан дүкенде сауда жасап жүрген 61 жастағы азаматша дүкен ішін жинастырмақ болып ішінде бірнеше дана алтын алқа, жүзік, алтын неке жүзіктері, білезік, алтын сырға, алтын сырға мен жүзік жиынтығы (комплект), ерлерге арналған алтын жүзіктер салынған қара сөмкесін сөре үстіне қойып қояды. Сол сәтте дүкен ішіне сауда жасамақ болған 2 ер азамат кіріп, сөренің үстінде тұрған іші алтын бұйымдарға толы сөмкені көздері шалып қалады. Дереу екеуі сол жерде ұйымдасып, бірі сатушының назарын басқа жаққа аударып тұрғанда, екіншісі сөмкені жасырын түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен Алматы мен Ақтөбе қалаларының 33-35 жастағы тұрғындары анықталып, Алматы қаласында алтын бұйымдарды сату барысында ұсталды. Екеуі де өз кінәларын мойындап отыр. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктілер Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 
Тексеру жұмыстары барысында ұсталған азаматтардың қатысуымен бұдан бөлек Қазақстанның басқа қалаларында 2 ұрлық қылмысы орын алғандығы белгілі болды. Бірінде жәбірленушіге 500000 теңге көлемінде шығын келтірсе, екіншісінде сейфтегі 4 кг-нан аса салмақтағы алтын бұйымдарын ұрлау арқылы қыруар сомадағы шығынға батырғандығы анықталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: