Астанада өткен «Қазақстанда жасалған» республикалық көрмесінде қазалылық кәсіпкер Мейрімжан Қаниевтің өнімдері елдің қызығушылығын туғызды.
Қазалылық жас кәсіпкер Мейрімжан Қаниев өзінің «Асыл мұра» дизайнерлік орталығын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жеңіп алған гранттық қаражат есебінен ашты.
Жас кәсіпкерге жобасын жүзеге асыру мақсатында мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаражат беріліп, дизайнерлік орталыққа қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Өзінің кәсіпкерлік тәжірибесі аз болғанына қарамастан қазалылық кәсіпкердің жобасы табысты жүзеге асып, бүгінгі таңда ол 4 адамды жұмысқа алып отыр.