Қазалы темір жол вокзал ғимаратында жастарға арналған әлеуметтік, құқықтық және мемлекеттік бағдарламалар жөнінде сала мамандарын қатыстыра отырып, аудан тұрғындарына кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Бұл шараны «Жастар ресустық орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты еліміздегі жастардың жарқын болашаққа ұмтылуына ,білім алуына және жұмыспен қамтылуына зор ықпал ететін бағдарламалар тұсында кеңес беру. Жастарға кеңес беру шарасына «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы», «Қолжетімді баспана - 2020», «Дипломмен ауылға »бағдарламасы бойынша сала мамандары қатыстырылды.Шара барысында аудан тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес алды.