Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» ӨТЕДІ

 

Ертең, 20 тамызда сағат 9.00-де Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді. 
Байқаудың мақсаты – кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс белсенділігін күшейту. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрмесі тауардың сапасын жақсарту арқылы кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өңірдің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіліп отыр.
Байқауға жергілікті тауар өндірушілер қатысады деп жоспарлануда.
 Шараға қатысушылар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша марапатталады. Көрме-байқау ертең сағат:9.00-де Қызылорда қаласы Жібек жолы көшесіндегі «S’mall» сауда орталығы алаңында өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: