Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗ ТОЙЫНА АСЫҚҚАН ҚАЛЫҢДЫҚ ПЕН КҮЙЕУ ЖІГІТ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

 

Оңтүстік Қазақстанда тойға бара жатқан қалыңдық пен күйеу жігіт жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
ІІД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Ташкент тас жолында болған. "Mercedes-Benz маркалы автомобиль Шымкенттен Қазығұрт ауылына бара жатқан, Қаратас ауылына қарама-қарсы жолда көлік тоқтап тұрған "ГАЗель" көлігіне барып соғысқан. Салдарынан 1993 және 1997 жылғы екі қыз бен 1993 жылғы жігіт қаза тапты, ал 1991 жылғы жүргізуші ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") соталды тергеу басталды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 
"Отырар" телеарнасының мәліметінше, Mercedes-Benz жүргізушісі бүгін үйленуі тиіс болыпты. Көлікте оның қалыңдығы болған. Олар өз тойына асыққан екен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: