Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордадағы өрттің 70 пайызы тұрғын үйлерде болған

Қызылордадағы өрттің 70 пайызы тұрғын үйлерде болғанҚызылордада 2014 жылдың 10 айында 194 өрт оқиғасы орын алып отыр. Оның ішінде 70 пайызы - 127 өрт тұрғын үйлерде болған. 
Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, жылу маусымы басталуына байланысты жеке үйлерде өрт, көмір қышқыл газы, табиғи газбен уланудың көбеюі мүмкін. Осы жәйт Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасын алаңдатады.
Өрттердің басты себептері: отты пайдаланудағы аңғалдықтан, балалардың отпен ойнауынан, электр қондырғыларын, желілерін құру, пайдалануда және тұрмыстағы жылыту пештерін қолдануда өрт қауіпсіздігін сақтамаудан болып отыр.
Осыған орай Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде көпшілікке насихат жұмысын атқаруда. Халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде үнпарақтар таратылып, дауысзорайытқыш арқылы мақала, нұсқау оқылып, бұқаралық ақпарат  құралдары арқылы қауіпсіздік ережесі талаптарын орындау жайында айтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: