Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БҚО-ДА ЕР АДАМ 68 ЖЫЛ БОЙЫ ЖЕКЕ БАСЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТСЫЗ ӨМІР СҮРГЕН

 

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғыны 68 жыл бойы жеке басын анықтайтын құжатсыз өмір сүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық прокуратураның өкілдері хабарлады. Сырым аудандық прокуратурасына Амангелді Иманғалиев оның жеке басын куәландыратын құжаттарын алуға кейін зейнетақысын тағайындауға жәрдемдесу туралы өтінішімен жүгінген.
Оның 68 жыл бойы жеке басын анықтайтын құжатсыз өмір сүргені анықталды. Уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінген кезінде, оның дүниеге келуі туралы жазбаның жоқ екендігі туралы біркелкі жауаптарын алған. Cодан Ммемлекеттік органдардан қолдау таппаған Амангелді Иманғалиев аудандық прокуратураға жеке басын куәландыратын құжаттарын алуға кейін зейнетақысын тағайындауға жәрдемдесу туралы өтінішімен жүгінген.
Сырым аудандық прокуратурасының бастамашылығымен аудан әкімінің өкімімен аудан әкімдігінің, ішкі істер бөлімінің, АХАЖ органдарының, зейнетақы төлеу орталығының өкілдерімен комиссия құрылып, Елтай ауылдық округінің ақсақалдарының қатысуымен жиналыс өткізілді, бұл жиналыста қажетті куәлардың жауаптары жазылып, Иманғалиевтің дүниеге келу дерегін анықтауға бағытталған барлық мұрағаттық құжаттары көтерілді. Бұдан бөлек, аудандық емхана жанындағы диагностикалық-консультативтік комисиия құрылды және Иманғалиевтің болжамды жасын анықтау үшін медициналық клиникалық тексеру жүргізілді.
Жеткілікті негіздермен және жиналған құжаттармен аудан прокуратурасымен 2016 жылдың 11 ақпанында Сырым аудандық сотына Амангелді Иманғалиевтің дүниеге келуі туралы заңдық маңызы бар дерегін анықтау үшін талап арыз берілді. 2016 жылдың 25 ақпанында аудан сотымен прокурордың талабы қанағаттандырылды және Амангелді Иманғалиевтің 1947 жылы 15 мамырда дүниеге келгендігі туралы заңдық дерегі анықталды.
Айта кетейік, сот шешімінің негізінде құжаттандыру рәсімінен кейін 2016 жылдың 24 тамызында Амангелді Иманғалиев алғаш рет жеке басын растайтын құжатын алып, дәл осы зейнетақы төлеу орталығына барып, жасы бойынша зейнетақы алуға рәсімделді. Осылайша, Сырым аудандық прокуратурасымен басқа мемлекеттік органдардан қолдау таппаған азаматтың  үміті ақталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: