Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ

 

Еліміздің 25 жылдық тәуелсіздігі қарсаңында Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде 200 адамаға арналған орталық мешіт ашылды. 
Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі орталық Ақмешіт-Сырдария мешітінің бас имамы Талғат Омаров пен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Нұрхан Бұхарбайұлы келіп, жиналған халыққа құттықтауын білдірді.
– Бұған дейін ауылда мешіт үйі болмаған. Мешітті ауылдан шыққан Рахматуллаевтар әулеті жеке қаржысына салып берді. Мешітіміз жаңа үлгідегі жобамен салынған. Аумағы 300 шаршы метрді алып жатыр. Келуші жамағатқа барлық жағдай жасалған. Дәрет алатын орындар ыстық сумен қамтамсыз етіліп, едені жылумен жасалған. Онымен қоса мешіттің имамына арнайы қасынан 2 бөлмелі үй салынып берді. Сонымен бірге, мешіт жанынан болашақта кіші футбол алаңын саалу жоспары бар, – дейді Қарауылтөбе ауылының әкімі Медет Сейілов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: