РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҒЫН-2016» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Бүгін Қызылорда облысында республикалық «Ағын-2016» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми сайтында жарияланды.
Оның мақсаты азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің күштері мен басқару органдарын қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға және оны жою шараларына дайындау.
Оқу-жаттығу қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесімен қатар азаматтардың дайындық және қабілет деңгейін арттыруға негізделген.
Оқу-жаттығу барысында:
- авариялық-құтқару және кезек күттірмес жұмыстар жүргізу, бірінші кезекте адамдарды іздеу мен құтқаруға негізгі күштерді жұмылдыру, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, адамдарды өрт шыққан қауіпті жерлерден жақын маңдағы елді-мекенге және емдеу мекемесіне алып келу шараларын есепке алу;
- ТЖ аумағында және зардап шеккен адамдарды орналастыратын (палаткалық лагерь) жерлердегі адамдардың өмір сүруін қамтамасыз ету;
- ТЖ орын алған аумақтағы және жердегі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарындағы қозғалысты (оны шектеу немесе тыйым салу) реттеу, адамдар жеткізілген жердегі (палаткалық лагерь) қоғамдық тәртіпті қорғау;
- эвакуациялау шараларына, мүдделі мемлекеттік органдар мен тұрғындарға жедел хабарландыру жеткізуге ішкі істер органдары бөліністерінің қатысуы;
- эвакуацияланған азаматтарды тіркеуді қамтамасыз ету және мекенжай-анықтамалық жұмысты жүргізу мәселелерін пысықтау мақсат етіліп қойылды.
Сонымен қатар, дағдарыс жағдайы туындаған жерлерге тәртіпті қорғау күштерін орналастыру және терроризмге қарсы операция жүргізу кезіндегі іс-қимыл мәселелерін пысықтау жоспарланған.