Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАНЫҢ 10 ПАЙЫЗЫ ГАЗ ЖАБДЫҒЫН ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАҒАННАН БОЛАДЫ

ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАНЫҢ 10 ПАЙЫЗЫ ГАЗ ЖАБДЫҒЫН ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАҒАННАН БОЛАДЫЖылыту пештері мен газ аспаптары тұрмысымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Дегенмен, оларды дұрыс қолданбай, немқұрайлы қараса, өрт, жарылыс, газбен улану орын алып, адамдардың өліміне алып келуі мүмкін.
Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Қайсар Амангелдиев хабарлады.
- Жазатайым оқиғалардың 10 пайызы газ жабдығын дұрыс пайдаланбағаннан болады. Сол себепті газбен жабдықтау және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік техникалық құжаттар талаптарына сай келмейтін газ жабдықтарын ауыстыру керек. Сонан соң қолданылатын газ бен иісті газдың жоғары қауіпті концентрациясы кезінде газ беруді автоматты түрте тоқтатумен жабдықталған жаңа типтегі пештер мен газ плиталарына көшуді немесе газ аспаптарыңызды электромагнитті қақпағы бар дабылдағышпен жабдықтау қажет, - деді Қ.Амангелдиев. – Электромагнитті қақпағы бар дабылдағыш жабдықтардың бағалары 15-50 мың аралығы шамасында.
Брифинг барысында ТЖД Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Руслан Қайрақбаевтың мәлімдеуінше, басқарма тарапынан облыс әкіміне аз қамтылған, көп балалы отбасыларына өрт қауіпсіздігі үшін осы дабылдағыш жабдықпен қамтамасыз етуге өтініш дайындалып жатыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: