Қызылордада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» Халықаралық акциясы бастау алды. Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында өтетін бұл акция әйелдерге қатысты барлық проблемаларға бағытталған.
Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова хабарлады.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында барлық ауданның, қаланың мектептерінде, «Аналар үйінде», дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары кең көлемде ұйымдастырылады. Сонымен қатар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялары өткізіліп, жадынамалар таратылатын болады» - деді Бибігүл Үмбетова.
Акцияның да негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға және халықты сауаттандыруға бағытталған.