Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жол қозғалысы ережесін бұзудың 509 дерегі анықталды

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қала көлемінде өтіп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шара аясында  жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың барлығы 509 дерегі анықталды.


Оның ішінде, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған -32, заңсыз қайта жабдықтаған -4, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген – 1, міндетті техникалық байқаудан өтпеген – 5, маневр жасау қағидаларын бұзу – 57 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, айып тұрағына 10 автокөлік қойылды.
Мұндай профилактикалық шаралар жолаушылар көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: