Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезі өтті.
Съезде Мемлекет басшысына электронды сот төрелігінің жетістіктері, сондай-ақ Қазақстандағы сот билігінің қалыптасу тарихы туралы көрме таныстырылды. Шараға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, БАҚ пен ҮЕҰ өкілдері шақырылды. Барлығы 600-ден астам делегат пен форум қонақтары қатысты.
Елбасы Н. Назарбаев съезге қатысушылар алдында еліміздің сот-құқық жүйесінің одан әрі дамуының басымдықтарын айқындап, атап айтқанда, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру нәтижесінде түрмедегілердің саны 3 есе қысқарғанын, Республика сот төрелігіне қолжетімділіктің сот шығындарына қатысты бөлігі бойынша әлемде алғашқы позициялардың бірін иеленіп отырғын атап өтті..
1996 жылы мемлекеттік баж салығының мөлшерлемесі талап-арыз сомасының 10 пайызын құраса, бүгінде ол 1-3 пайызға дейін азайды Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезі 2013 жылы қарашада Астанада өткен болатын. VI съезде Президент судьялар қауымдастығы алдында бес міндет қойды: заңнамалық нормаларды біртіндеп жетілдіру (Үкіметке Жоғарғы Сотпен бірлесіп жаңа Азаматтық процессуалдық кодексінің жобасын әзірлеу тапсырылды), сот құрылысын жетілдіру, даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, азаматтардың қалың көпшілігіне сот төрелігінің қолжетімділігн қамтамасыз ету, Қазақстанның судьялар корпусының кәсібилігін арттыру.
Судьялардың VI съезіннен кейінгі сот жүйесінің жетістіктері: Жоғарғы Сот заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жасады. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқарушылық кодекстері қолданысқа енгізілді.
2015 жылғы 31 қазанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Президент жаңа редакциядағы Азаматтық процессуалдық кодекске ашық түрде қол қойды. Бұл заң халық үшін сот ісін жүргізуді біршама жеңілдетті, тараптар дауларының кез келген сатысында татуласулары бойынша жаңа құрал кеңінен енгізілді. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР АПК қолданысқа енгізілді
Ал 2016 жылы қараша айында өткен судяларының 7 съезі судьялардың Әдеп кодексінің қабылдануымен ерекшеленеді. Қазіргі қолданыстағы судья Әдебінің кодексі 2009 жылдың 18 қарашада Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде қабылданды. Ал, биыл аталған кодекстің жаңартылған нұсқасы судьялардың VІІ съезінде талқыға түсіп, қайтадан қабылданды.
Қоғамдық талқылауға ұсынылған кодекс жобасы ауқымды. Аталған кодекстің атауының бірінші нұсқасы «Судьялардың мінез-құлық қағидаттары мен қағидаларының әдеп кодексі», екінші нұсқа «Судьялардың әдеп кодексі
(судьялардың мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары)» деп аталады. Қабылданған Кодекс 15 баптан тұрады. 9 баптан тұратын бұрынғы қолданыстағы судья Әдебі кодексімен салыстырмалы түрде қарағанда, жаңадан қабылданатын кодексте олқылықтардың орны толтырылып, заман талабына сай жаңа тараулармен толықтырылған. Онда судьяның кәсіби қызметтегі мінез-құлқына ғана емес, қызметтік міндеттен тыс кезіндегі отбасы мен тұрмыстағы мінез-құлқының әдептік қағидаларына қойылар талаптар да бар. Сонымен бірге, судьяның абырой-беделіне ерекше көңіл аударылып, бірқатар шектеулерде қойылған. Мәселен, судьяның кәсіби қызметі саясатпен сыйыспайды.
Бұл бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының №19 қадам іс жүзінде орындау болып табылады.
А.К.Әбу,
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.