Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА 54 КӘСІПОРЫННАН ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨНДІРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 54 КӘСІПОРЫННАН ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨНДІРІЛДІ

 

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев, мемлекеттік кірістер департаментінің борыштармен жұмыс басқарма басшысы Ақжігіт Базархан, сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Ербол Рүстемовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. 
Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 357 мекемелер мен кәсіпорындар тексерілген. Нәтижесінде, 452 заң бұзушылық фактілері анықталды. Жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 233 нұсқамалар берілген. 
Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес былтыр барлығы 17,5 млн. теңге мөлшерінде 88 айыппұл салынған. Өткен жылдың басынан бастап, облыс бойынша 55 мекемеде жалақы қарызы 949,2 млн. теңгеге өсті. Дегенмен, күнделікті мониторниг нәтижесімен 54 кәсіпорынның 5594 жұмысшыларына 943,8 млн. теңгенің жалақысы өндіріліп берілген.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: