Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚСУАТТА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ КӨБЕЙДІ

АҚСУАТТА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ КӨБЕЙДІӘкімдердің халық алдындағы есеп беруі шарасы дәл қазір Ақсуат ауылдық округінде өтіп жатыр. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен болған жиында Ақсуат ауылдық округінің әкімі Ақарыс Нұрсейітов пен учаскелік полиция инспекторы Тұрсын Құрманғазыұлы өткен жылды қорытындылады.
Ауылдың әлеуметтік жағымен қатар, экономикалық әлеуеті де біршама артқан. Түрлі мемлекеттік қолдаулардың арқасында кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтіп отырған ақсуаттық азаматтар қатары көп. Мәселен, бүгінде ауылда 4 ЖШС, 45 шаруа қожалығы жемісті жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту аясында 80-нен астам жеке кәсіпкер тіршілік тынысын кеңейтіп, кәсібінің нәсібін көріп отырған жайы бар. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 6 отбасы жұмыспен қамтылып, оларға қаржылай көмек көрсетілді. Игілікті істің нәтижесінде мемлекет қамқорлығын сезінген аталған отбасылар мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік алып отыр.     Сонымен қатар, ауылдың инфрақұрылым желілері де назардан тыс қалмаған. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға көшелерді түнгі жарықтандыру, асфальттау мен тас төсеу жұмыстары жасалған. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес қалған көше жолдарына кезең-кезеңімен жөндеу шаралары жүргізіледі деп күтілуде.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: