Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МӘДЕНИ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ПАРК - ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШЫНАЙЫ ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛУЫ КЕРЕК

МӘДЕНИ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ПАРК - ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШЫНАЙЫ ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛУЫ КЕРЕК

 

Бұл 10 наурызда өткізілген қоғамдық тыңдауға қатысушылардың негізгі ұстанымы деп хабарлайды Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі.
Қызылорда қалалық мәдени және демалыс паркіне қатысты қалалық парктің түтініне тұншығатын кәуап пісірілетін немесе түрлі әрекетке азғындайтын алкоголь өнімдері сатылатын базар емес, шылым шегуден тыс, жасыл желекке бөленген таза демалыс аймағына айналу керектігі қоғамдық тыңдауға қатысушылармен білдірілді.Бұл талапты жүзеге асыру жоспарлы шаралар мен келісілген Тұжырымдаманы қажет етеді.

Ұсынылатын Тұжырымдамада парк аумағын бірнеше секторларға бөліп қарастыру да ұсынылды:
1 сектор: Фудкорт – негізгі мақсат салауатты тамақтану орталығына айналдыру.
2 сектор: Аттракциондар – екі секторға бөлу: ересектер және бүлдіршіндерге арналған.
3 сектор. Baby land – өрмелеу, әуе жолдары т.б.
4 сектор. Ардагерлер – қарт тұрғындардың дойбы және шахмат ойындарын ойнауға арналған жабық орындықтар/сәкілер (лавочка).
5 сектор. Экстрим – веложолдар, картинг, урбан парк, стрит бол және т.б.
6 сектор. Дарындылар – парк аумағында түрлі концерттік бағдарламаларды өткізуге арналған сахна орналастыру.
7 сектор. Парк орталығын жас суретшілердің туындыларын көрсету және сату мақсатында аллея, көрме жасау.
8 сектор. Парк аумағында шағын архитектуралық мүсіндер қою.
Басқа да қабылданатын шаралардың барлығы тек заңдылық аясында, келісілген негізде жасалатын болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: