Қазалы аудан әкімі Нажмадин Шамұратов аудан орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Әйтеке би кенті 5 квартал аймағында құрылысы қаланған 300 орындық мектеп құрылысына биыл 308 млн теңге бөлінген. Қазір мұнда жұмыстар жоспарға сай жүруде.
Құрылыс мердігері «Жабдықтау» ЖШС-дегі жұмысшылардың 70 пайызы, яғни жергілікті тұрғындар. Аудан басшысы мердігер мекемеге ең алдымен сапаға мән беруді қатаң тапсырды.Мектеп ғимараты келер жылы пайдалануға берілмек. Жалаңтөс батыр ауылында 150 орындық клуб құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың сәуір айында басталған клуб құрылысы қыркүйек айында аяқталады. Бас мердігері «Болашақ» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының жалпы сметалық құны 219 млн. теңге.
Аудан басшысы Жанқожа батыр ауылынан салынып жатқан спорт кешені құрылысының жұмысымен де танысты.