Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТІРЕКТІ АУЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ АУЫЛДЫ ДАМЫТАДЫ

ТІРЕКТІ АУЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ АУЫЛДЫ ДАМЫТАДЫБиыл аймақта 55 нысанды салуға бюджеттен 23 млрд теңге бөлініп, 6 айда оның 12 млрд теңгесі игерілді. 10 нысан жақын күндері пайдалануға берілмек.
Бұл жайында бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков баяндады. 
Сонымен қатар, жыл аяғына дейін 26 әлеуметтік нысан пайдалануға беру жоспарланса, қалғаны келер жылдың еншісіне тиесілі. Басқарма басшысы алдағы жылға 9 миллиард 300 мың теңге қаралатындығын да жеткізді. 
«Тірек ауыл» бағдарламасы қолға алынғалы, ауылдық жерлерде әлеуметтік-мәдени нысандар салу қарқынды жүруде. Биылғы жылы осы бағдарлама бойынша Шиелі, Жаңақорған және Жалағаш аудандарындағы 3 ауылда 3 нысаннан салынбақ. Олар спорт алаңдары, балабақша, аула клубтары. Оған бөлінетін 1 млрд теңге 700 мың тг қаржы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: