ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ҚАЛА АУМАЫ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ
Жыл сайын Қызылорда қаласының шекарасы кеңейіп, халқының саны артып келеді.
Бұл біздің өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсарғандығының негізгі дәлелі.Осыны негізге сүйене отырып қаламыздың Бас жоспарына өзгерістер енгізілді.
Қызылорда қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізу мақсатында облыстық бюджеттен 55 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсінің жеңімпазы болып «Урбостиль» ЖШС-гі танылды.Бұл жоба қалалық және облыстық мәслихат сессияларында қаралып, ҚР Үкіметінің қаралуына ұсынылды.
Бас жоспарға сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы мәселесін шешу бағытында қажетті шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, қала аумағының көлемі бұған дейін 11 мың гектарды құраса, бас жоспарға сәйкес бұл жер көлемі 20 мың 582 гектарға ұлғайтылды.