ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТІП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫНА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін қала әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі Қызылорда қаласында қайта жаңғыртудан өтіп жатқан құрылыс алаңдарына рейд жұмыстарын ұйымдастырды.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша ауыз су, кәріз жүйелері, жылу құбырлары желілерінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары барысында қала тұрғындары тарапынан мердігер мекеменің қауіпсіздік шараларын сақтамауы, орынды қоқыспен ластауы туралы наразы пікірлер келуде. Бүгінгі рейдтің мақсаты осы кемшіліктерді жоюға бағытталған болатын.
Мердігер мекеме «Механизатор» ЖШС-гі ауыз су құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Мекеме басшысы Ю.А. Тёге тиісті жол белгілері мен қоршаулары болуы, жаяу жүргіншілер жолын өтуге ыңғайлы етуі қажеттігі ескертілді.
Мұратбаев көшеснің бойы:
Мердігер мекеме «Мейржан» ЖШС-гі ауыз су құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Мекеме басшысы Г. Кенжебаевқа жол белгілерін тиісті қалыпта қою (түзету және алаң айналасына белгілерді қою) мен қоршауларының болуы туралы ескертілді.
Бөкейхан, Амангелді көшелерінің бойы:
Мердігер мекеме СК АО «Энергия» жылу құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Мекеме басшысы А. Камербаевқа қатты қалдықтарға тазарту жұмыстарын жүргізу, тиісті жол белгілері мен қоршаулары болуы қажеттігі туралы ескертілді.
Бөкейхан көшесінің бойы:
Мердігер мекеме «Дәнекер» ЖШС-гі ауыз су құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Мекеме басшысы Ә. Жансақаловқа тиісті жол белгілері мен қоршаулары болуы қажет, ылғалды топырақпен жолдың жиегінен шығарылмағандығы туралы ескертілді.
Аталған кемшіліктерді түзетуге 2 күн мерзім берілді.