Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЛАСЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕ АШЫЛДЫ


Көрмеде қаланың тарихи өмірін суреттейтін фотолар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен елдің мәдени дамуы көрініс тапты.
Көрмеде Қызылорданың бетке ұстар тұлғалары ғана емес, Қазақстанның да қазіргі заманғы үздіктері бар.
Мәселен, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көліктік дәлізінің құрылысы мен елдегі шыны шығаратын зауыттың жұмысы бейнелеген. Ол фоосуреттер тарихтан сыр шертіп тұр.
Фотокөрме қаланың бірегей, ерекше суреттерін жинаған. ҚазКСР-ның астанасы болып тұрған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі көріністер ірі оқиғалардың тізбегін жалғастырды.
« «Ақмешіт» музейінің мекемесін теңдессіз экспонат ретінде қарастыруға болады. Музей орналасқан нысан 1905 жылы салынған. Оның сәулеттік көрінісі сақталған», - деді музей меңгерушісі Кенже Ахметова.
Қызылорда облысының аймағында әртүрлі дәуірде үш елдің астаналары орын тепкен. VIII-ХI ғасырларда оғыздардың басты қаласы Жанкент болды. ХII ғасырда қыпшақ тайпасының орталығы Сығанақ болды, одан кейін ол қазақ хандығының орталығы Ақ Ордаға айналды. Ал, ХХ ғасырда - 1925-1929 жылдары Қазақ Республикасының астанасы Қызылорда қаласы болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: