Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ


Қызылорда қаласы бойынша 768 көппәтерлі тұрғын үй бар. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына сәйкес 2011-2015 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 3 млрд. 200 млн теңгеге және қайтарымды қаражат есебінен 129,3 млн. теңгеге 122 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылды.
Күрделі жөндеуден өткізілген тұрғын үйлердің пәтер иелерінен 2017 жылы 1 желтоқсанына 1 млрд 456,2 млн. теңге қайтарылуы тиіс болса, бүгінгі күнге 436,6 млн. теңге немесе 30,0 пайызы қайтарылды.
2016 жылға Қызылорда қаласында 33 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге 1 млрд. 96,6 млн. теңгеге бюджеттік өтінім облыстық энергетика басқармасы арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында ұсынылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: