Синоптиктер жаңа жылдың қаңтар айына арналған болжамын ұсынды. Мамандар 2020 жылдың алғашқы айында жел соғып, күн суытатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорология қызметінің мәліметінше, қаңтар айының бірінші бөлігінде тұман түсіп, жел соғады. Жолдарда көктайғақ пайда болуы ықтимал.
Дәл осы кезеңде ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Осылайша, еліміздің батсында сынап бағанасы -5-15 градусқа дейін төмендейді.
Қазақстанның солтүстігінде -10-25 градус аяз, ал оңтүстіке ауа температурасы -3-11 градусқа дейін төмегндеуі ықтимал.
Сондай-ақ синоптиктер қаңтар айында жауын-шашын көп болмайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі үкімет қаулысымен бекітілді. Құжат күшіне енді, жаңа жылдан бастап бірнеше күндік демалыс күндері ауысады.
"Демалыс күндері 2020 жылдың 5 қаңтарынан 2020 жылдың 3 қаңтарына, 2020 жылдың 11 мамырынан 2020 жылдың 8 мамырына, 2020 жылдың 20 желтоқсанынан 2020 жылдың 18 желтоқсанына ауыстырылсын", – делінген қаулы мәтінінде.
Осылайша, жаңа жылдық демалыс күндері 1, 2, 3 қаңтарға дейін жалғасады.
Қаңтардың төртісі сенбіге келегендіктен алты күн жұмыс істейтін ел тұрғындары сол күні жұмысқа шықса, ал жұмыс аптасы бес күндік тұрғындар үшін бұл демалыс күні болып қала береді.
Алайда жексенбі, бесінші қаңтар барлық қазақстандықтар үшін ресми жұмыс күні болып есептеледі. Сонымен бірге 7 қаңтар күні атап өтілетін православтық Рождество биылғы жылы сейсенбіге сәйкес келіп отыр. Рождество мерекесі белгіленген күн ауыспайды.