Қазақстанда радиолар мен телеарналар хабар таратуды уақытша тоқтатады
Биылғы 15 қаңтарда Қазақстанда радиолар мен телеарналар хабар таратуды уақытша тоқтатады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
лімізде радиолар мен телеарналардың хабар таратуды уақытша тоқтататыны туралы "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы өзінің ресми сайтында мәлім етті.
"2020 жылғы 15 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", – делінген хабарламада.
"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.