Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дәрі-дәрмектің көмегінсіз жоғары қан қысымын төмендетудің тәсілі айтылды


Неміс кардиолог маманы дәрі ішпей-ақ артериялық қан қысымын төмендетудің тәсілімен бөлісті, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мюнхен техникалық университетінің профилактика және спорт медицинасы орталығының жетекшісі Мартин Халь күнделікті 15 минут жаяу жүру қан қысымының төмендеуіне алып келетінін айтт. Бұған қоса шетелдік маман фин жүрісі, велосипед тебу мен жеңіл жүгірудің де денсаулыққа пайдасын атап өтті. Десек те оның сөзінше, денеге артық салмақ түсірудің де қажеті жоқ екен.
Сондай-ақ, сарапшы жеңіл диета ұстауға кеңес берді. Айтуынша, шұжық, ірімшік және нан өнімдерін ас мәзірінен алшақтатқан жөн. Себебі бұл өнімдерде кездесетін шамадан тыс тұз мөлшері ағзаға зиян тигізуі мүмкін. Халь оның орнына көкөніс тұтынған жөн деп айтты.
Егер осы ережелерді сақтаса, адамдар жүрек талмасы мен соққысына ұшырау қаупін 50 пайызға дейін азайта алады екен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: