Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада тіркелген 6 науқастың барлығы Шиелі ауданынан болып шықты


Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған тағы 6 адамның оны қайдан жұқтырғаны хабарланды.
Қызылорда облыстық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, олардың алтауы да Шиелі ауданынан тіркелді. Олардың үлкені 1967 жылғы әйел азаматша болса, одан кейінгілері 1989, 1992, 1998 жылдары дүниеге келген. Сондай-ақ, олардың қатарында 2013, 2015 жылы өмірге келген қыз балалар да бар.
Барлығы бұған дейін вирус жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған және карантиндік стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастар оқшау орында тиісті емдерін қабылдап жатыр.
Қызылорда облысында 5 сәуірдегі жағдай бойынша аймақта коронавируске шалдыққан 37 адам ем алуда. Оның 6-ы Қызылорда қаласында тіркелсе, аудандар бойынша Жаңақорғанда – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 11 жағдай кездесті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: