Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жандарбек Бекшин Қызылордаға келді

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин бүгін жұмыс сапарымен Қызылордаға келді.
Алдымен Департамент басшылығымен, эпидемиолог мамандармен, "Ұлттық сараптама орталығы" облыстық филиалының басшылығымен кездесіп, облыстағы коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.
Коронавирус індетінің аймақтағы жағдайының күрделеніп бара жатқанын ескеріп, атқарылып жатқан жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар "Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының осы бағытта жүзеге асырып жатқан жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Алда атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланып, шұғыл әрекеттерге бүгін көшуді тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: