Аралда тосқауыл бекетін айналып өтпекші болған азаматтар жазаланды
Арал ауданында тосқауыл бекетін айналып өтпекші болған азаматтар жазаланды.
Төтенше жағдай және карантин режиміне сәйкес Арал қаласына кіре беріс жолдарына бақылау бекеттері қойылып, аудан аумағына кіріп-шығуға тыйым салынған болатын.
Дегенмен, қойылған шектеуге қарамай, бақылау бекетін айналып өтпекші болған 9 азамат анықталды.
Қазіргі таңда аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 9-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынды.