Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауылдық жерде түрік айранын өндіреді

Сырдария ауданы Шіркейлі ауылындағы кәсіпкер Ақәділ Нұрмаханов түрік айранын өндірумен айналысып келеді. Ол ауылдағы ағайыннан сүт қабылдап, оны айранға айналдырады. Кәсіпкер ерекше сусынды шығаратын цехтың филиалын облыс орталығынан да ашып үлгерді. Бір күнде 1 тонна сүтті еш қиындықсыз өңдей алады.
– Бизнес – тек қалтаға ақша салу ғана емес, ол жұрттың проблемасын шешу. Менің ұғымымда солай. Бала кезден ауылда сиыр ұстайтын жандар сүтті арзанға өткізетін. Алушы жоқ әрі жол шығынын сылтау еткендер арзанға алып, қалаға қымбатқа өткізетін. Осыны көріп өстік. Ауылдағы шаруалардың еңбегі ақталмайтын. Есейе келе, бұл мәселенің шешімі өнім өндіру екенін түсініп, түрік технологиясы бойынша айран шығара бастадым, – дейді А.Нұрмаханов.
Ақәділ кәсіп ашқалы сүтті қабылдау бағасын көтеріп, халықтың батасын алды. Қазір Шіркейлідегі пункт сүттің әр литріне 130 теңге береді. Күз түсе баға тағы да көтеріліп, 150 теңгеге жетеді. Мекеме қызметкерлері кәсіпкердің басты мақсаты өз қалтасын қалыңдату емес, біріншіден, жұртқа жұмыс беру болса, екіншіден, елдің табиғи таза өнім тұтынуына септесу екенін алға тартады.
Осыдан төрт жылдай бұрын кәсіп бастарда ол 10 млн теңге несие алды. Бұл қаражатқа Түркиядан арнайы аппарат алып, жұмысын бастап кетті. Бүгінде қарамағында бес адам жұмыс істейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: