Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қайрат Нұртас 8 мың доллар: Қазақстандық әншілер бір тойдан қанша ақша алады

Шоу-бизнес әншілері бүгінде шоудан бөлек тойдан табыс табады. Әр әншінің әр тойдан алатын қаламақысы әртүрлі. Қаламақысынан бөлек, қонақ үйі мен ұшақ бағасын жеке талап етеді. Бұл жөнінде stan.kz жазды.
Әншілердің тойдағы қаламақысын журналист Данияр Есен біліп көрді. Ол әншілерге той иесі ретінде хабарласып, қанша гонорар сұрайтынын білді. Видео желіде тарады.
Әншілердің өзі емес, көмекшілері немесі әкімшілері жауап берді.
Мәселен, Қайрат Нұртас бір тойға шығу үшін 8 мың доллар сұрайды. Бұл ұшақ бағасынан бөлек. Егер тойға шақырғыңыз келсе, бір бизнес-класс, бір эконом-класста екі билеттің құнын төлеуге тиіссіз.
Нұрболат Абдуллиннің қаламақы құны - 6 мың доллар.
Әншілер өзімен бірге көмешісімен бірге жүретіндіктен, той иелерінен екі адамға билет алуды сұрайды.
Ерке Есмаханның қаламақысы 5 мың доллар. Ұшақ бағасы бұл сомаға кірмейді.
Қарақат Әбілдина 3 мың доллар. Мәдина Сәдуақасова 1 миллион теңгеге тойға шығады.
Журналист Данияр Есен ақшаны ауаға шашпай, етек-жеңді жиятын кез келді деген ойын айтты.
Желі қолданушылары да қомақты қаражат сұрауды әдетке айналдырған әншілерге ақша шашпау керек екенін айтып жатыр.
"Сол ақшаны жетімдерге немесе мұқтаж отбасыға берсеңдерші", "Сонша ысырап қылып әншілерді байыттыңдар", "Ақшасы көп адамдар өздері біледі де", "Қайырымдылыққа беріңдер, содан сауап аласыңдар", - деп жазды олар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: