Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жиһаз цехы ашылды

Бизнестің кез келген саласында ең үлкен жетістіктерге кәсібін жан-тәнімен жақсы көретіндер жетеді. Егер кәсіпкердің білімі мен тәжірибесі болып, өз саласында қолынан іс келсе табыстың ауылы тым жақын.
Әбусадирова Сағыныш Санболатқызы 2017 жылы «Жанайым» ЖК құрғанға дейін жұбайы Мақсат Танибаевпен бірге Шымкент қаласындағы «Евромебель» сауда үйінде жұмыс істеді. Сағыныш Санболатқызы сатушы болып, жұбайы жиһаз цехын басқарды. Осы салада тәжірибе жинақтаған ерлі-зайыптылар өздері тұратын қалада жиһаз сату бойынша отбасылық бизнес ашуға бел буды. Бастапқыда ерлі-зайыптылар жиһазды алып-сатумен айналысты. 2018 жылы корпустық жиһаз өндірісін іске қосты.
Цехта жиһаздың барлық түрі жасалады. Дайын өнім сауда үйлеріндегі жалға алынған орындарда сатылады. Кәсіпкер жиһазды несиеге өткізу мүмкіндігі үшін микроқаржы ұйымдарымен ынтымақтастық орнатқан.
Тапсырыстардың көбеюіне байланысты ерлі-зайыптылар жеңіл несие туралы ақпарат алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалына келді. Мемлекеттік қолдау түрлерін зерделей келе, олар қажетті құжаттарын жинап, өңірлік бағдарламаға қатысуға өтінім берді. 2019 жылы «Даму-Сырдария» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыруға 8,5% мөлшерлемемен қаржы алды. Жобаны «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Даму» Қоры қолдап, кепілдік берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: