Қызылорда ауылдарында интернет желісінң жылдамдығы артты
Өңірдегі 14 елді мекенге интернет желісінің жылдамдығын арттыру үшін талшықты-оптикалық кабелі апарылды.
Сондай-ақ, 70 елді мекеннің 23-не антенна-діңгек құрылыстарын салу жоспарлануда. Оның ішінде, 4 компания «Билайн» және 19-ы «Кселл». Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Юлия Тремасова мәлімдеді.
-Қазіргі таңда, провайдерлік компаниялардың өкілдері интернетті қамтамасыз етуге барынша күш салуда. Сондай-ақ, "Билайн", "Кселл" компанияларымен қолда бар 2G радиорелейкаларын 3G-ге жаңғыртуға және бір оператордың қолданыстағы базалық станцияларын басқа екі компанияға қосу жұмыстары атқарылуда. Осылайша, 2021 жылы 47 ауылдық елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету бойынша мәселе шешімін табады,-деді Юлия Александровна.
Сонымен қатар, "Билайн" компаниясы "Сабалақ", "Ягодка" және "ПМК-29" саяжайларына антенна орнату үшін құжаттарын дайындауда.
Брифингте сала маманы "Бәйтерек" шағын ауданына 2021 жылы 2 станция орнатылатынын айтты. Бұған қоса, сол жағалауға антенна-діңгек құрылысы мен базалық станция орнату үшін жер учаскесін бөлу мәселесі қарастырылуда.