Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тойдың алдындағы фотосессия кезінде қалыңдық, визажист, фотограф қайтыс болды (видео)

Қытайдың шығысындағы Вэньчжоу қаласында үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды. Олардың арасында қалыңдық та бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 
Оқиғаның видеосы Newsflare сайтында жарық көрген. Шетелдік басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, 2 қыркүйек күні үйлену тойдың алдында күйеу жігіт пен қалыңдықты теңіз жағасындағы жартастарда суретке түсуге барған. Оператор әдемі кадр алып жатқан уақытта екі жасты су ағызып әкеткен. Сонымен қатар, толқын фотограф пен визажисті де "жұлып кетіпті". Құтқарушылар қыз бен визажистің денесін тапқан, ал фотограф із-түзсіз жоғалып кеткендер тізіміне енгізілді. Агенттік күйеу жігіттің тағдыры не болғаны туралы ақпар бермеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: