Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Денсаулық саябағы» ашылды 

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала күні мерекесіне орай Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарға барды.


Қала күні мерекесінің салтанатты ашылуы жаңадан пайдалануға берілген «Денсаулық» саябағында өтті. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, жаңадан пайдалануға берілген саябақтың ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
«Биыл Қызылорда қаласынының 202 жылдығын атап өтудеміз. Облыс орталығы күннен күнге көркейіп келеді. Демографиялық өсу мен қатар қаланың аумағы да үлкейуде. Жаңадан мөлтек аудандар бой көтеріп, Сырдария өзенінің сол жағалауы да қарқынды дамуда. Міне, бүгін «Қала күні-2020» мерекесіне орай «Денсаулық» саябағын пайдалануға берудеміз. Саябақ ел игілігіне қызмет ететін болады. Мереке құтты болсын!», - деді облыс әкімі.
Одан кейін, аймақ басшысы қайта жаңғыртудан өткен «Сыр ана» алаңының жұмысымен танысты. Абаттандыру жұмыстарын «Техоснастка - Ремсервис» ЖШС жүргізген. Алаңда жаяу жүргіншілер жолы, спорттық – ойын алаңы және 2 су бұрқақ орналастырылған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: