Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қытай көшелерінің бірінде кенеттен аспаннан ақша жауды (видео)

Қытайдағы Чунцин қаласының көшелерінің бірінде аспаннан ақша жауды. Қарша жауған қаражатқа мәз болған тұрғындар дереу қалталарын қампитқан деп жазады dailymail.co.uk. Бұл жөнінде nur.kz жазды. 

Оқыс жағдай 17 қазан күні болып, бұл жайттың видеосы желіге тарап кетіпті.
Белгілі болғандай, қаражатты зәулім үйдің 30-қабатында тұратын ер адам шашқан екен. Бұған ерекше қуанған тұрғындар дереу асфальтқа құлаған ақшаны жинауға кіріскен.
Әрине, полиция мұндай "жауынға" қызығушылық танытпай қоймады. Дереу келіп жеткен тәртіп сақшылары жомарттық танытқан азаматты іздеп тапқан. Шамамен 1 млн 300 мың теңгеге жуық қаражатты (23000 фунт стерлинг) 29 жастағы Ке есімді азамат есірткі қабылдағаннан кейін шаша салған екен. "Ақкөңіл" азамат қамауға алынғанымен, тегін жауған қаражаттың арқасында, бірталай тұрғын қалтасын толтырып үлгерген.Бұл қаражатты ер адамның анасы үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жинап келгені анықталыпты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: