Мәдина Садуақасова: «Қазір отбасымда түсініксіздеу жағдай болып тұр»
Мәдина Садуақасованың өмірінде үшінші ай қатарынан түсініксіз жағдай болып жатыр. Әнші отбасындағы жағдайға қатысты алаңдауда. Жарымен арада қандай жағдай болғаны туралы ашық айтпаса да, екеуінің ара-қатынасы сыннан өтіп жатқаны анық. Бұл жөнінде 365info.kz жазды. «Неге соңғы кезде не істесем де жұрттар мін іздеп, не болса соны жаза бастады? Жеке өміріме қатысты-ау деймін, иә? Қазір отбасымда түсініксіздеу жағдай болып тұр, бәрі реттеледі, уақытша деп сенемін. Бірақ менің әр қимылыма, фотома, әніме, басқа өміріме қатысы жоқ қой, сол баяғы Мәдинамын. Әлде жеке өмірімде өзгеріс болып қалса әнімді тыңдамай, мені жақсы көрмей кетесіздер ме?» — деп сұрақ қойды әнші. Естеріңізге сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұловтың ажырасуы мүмкін деген қауесет тарады. Әншінің өнерін сүйіп тыңдайтын жанкүйерлері оның жеке өмірінің қатысты алаңдап, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы сұраудан жалықпауда. Осы күнге дейін Мәдина отбасындағы жағдайға ешқандай түсініктеме бермей келді… Бітпес сұрақтан жалығып, мезі болса керек, тыңдармандарына жағдайды осылай түсіндірді.