Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Аралда жастар мерекесі тойланды

Аралда жастар мерекесі тойландыАудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі, Альянс студенттері, «Жүректен жүрекке» ерікті жастарының ұйымдастыруымен жастар күніне арналған мерекелік концерт орталық алаңда бастау алды.
Арал қаласының жайдарлы жастарына арналған думанды шараны "АралАС" КВН командасының капитаны Ғалым Махамбетов жүргізді. Алдымен шараны «Жастар ресурстық орталығы» КММ Арал аудандық бөлімінің басшысы Әлібек Ізбасаров қала жастарын мерекелерімен құттықтаудан бастап, «Жасыл ел» еңбек жасағында еңбек етіп жатқан белсенді жастарды марапаттап, алғысын білдірді.
Мерекелі кеште Таңатова Әйгерім «Мен қазақтың қызымын», «Мереке» әндерімен, Нұрсұлтан Нұрланов «Жұмбақ сезім», «Ұмытпадың» әндерімен, Мерей Игинисов «Посмотри на меня» әнімен көптің көңілінен шығып, Бахитова Айжан мен Ғалымжанов Ақбай жастарға дем берер жалынды жырларын оқыды. Жас талант Ақдана Жанділдаева терме орындап, жас ұрпақты ұлттық қасиеттерге ие болуға шақырды. Ал, битбокс жанрында «Ақұдай» отбасы мен Алекс үздік өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бүгінгі кешке «АралАС», «Арал жастары» КВН командалары да арнайы келіп қатысып, ұтымды әзіл, тапқыр сөздерімен жастардың көңілін көтеріп тастады. Аралдың жалынды жастарының концерті флешмоб және әдемі би кешіне ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: