Қазалыда Жастар Үйінде «Дін тұрақтылығын сақтау, өзекті мәселелердің тиімді шешілу жолдарын талқылау» тақырыбында аудандық конференция өтті.
Мақсат - дінтану пәнінің мұғалімдеріне, мешіт имамдарына, жастарға Ислам дінінің құндылықтарын үйрету, әлеуметтік желілердегі діни топтамаларды дұрыс пайдалану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Конференцияға аудандық «Жаңқожа батыр» орталық мешітінің бас имамы Жәмиев Мейрамбек, «Нұралы» мешітінің бас имамы Дәуіржанұлы Қайрат қажы, Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының бас маманы Нәлібаев Нұрқазы қатысты.