Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫТАЙЛЫҚ ҒАЛЫМ ҚОРҚЫТ МҰРАЛАРЫН ЗЕРТТЕП ЖҮР

ҚЫТАЙЛЫҚ ҒАЛЫМ ҚОРҚЫТ МҰРАЛАРЫН ЗЕРТТЕП ЖҮР

 

Түбі бір түркінің ортақ абызы – Қорқыт атаның мемориалдық кешені өзге ел тұрғындарының да қызығушылығын туғызып келеді. Жылдан жылға аталмыш орынды тамашалауға келушілер саны артып келеді.

Олардың қатарында түркі мемлекеттерінен өзге де елдерден бар. Атап айтқанда, жыл басынан бері мұнда Англия, Франция, Канада сынды бірқатар сырт мемлекеттен 50-ге жуық турист келген. Сондай-ақ, Қытайдағы Іле педагогикалық университетінің профессоры Үрімжібай Жетібайұлы  Қорқыт мұраларын он жылдан бері зерттеп келеді. Аңыз адамның өмірі мен туындыларын Қытай халқына таныстыруды мақсат еткен. Бұл бағытта түрлі мақалалар жазып, қалам тербеп жүр.
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының хабарлауынша, Қорқыт мемориалдық кешені көненің көзін кие тұтқан туристер үшін құнды жәдігерге айналып отыр. «ЭКСПО -2017» көрмесі кезінде шетелдік қонақтар тамашайлайтын нысанның бірі осы киелі орын болмақ. Қазір мұнда дайындық жұмыстары қарқын алған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: