Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазағымның жыры сенсің, домбыра

Домбыра - қазақ халқының ұлттық аспабы, төл мәдениетімізді жіті таныстырар асыл мұрамыз. Орыс ғалымы В.В. Виноградов: «Археологиялық олжалардың  ішінде кем дегенде осыдан екі мың жыл бұрын тұтынылған қос ішекті аспаптың бейнесі айрықша назар аудартады.
Бұған бүгінгі күнгі ең тектес, ең жақын аспап ретінде қазақтың домбырасы мен қырғыздың комузын жатқызуға болады» дейді. Бұдан домбыраның қазақ ұлты пайда болған кезде-ақ аспап болып қалыптасқандығы көрінеді. Домбыра өз бойына көптеген пәндік сапаларды жиыстырған. Бір мезгілде саз бен сөзді қосып, керемет әуен шығарып, көпшіліктің еріксіз ықыласын алу~  ол,тылсым күштің әсерінен. Бұдан біз қазақтың көне заманының және қазіргі таңдағы домбырашылардың соншалықты талантты болғанын, осы сапаларды кешенді түрде бір мезгілде көрсеткен тума дарындылықты аңғарамыз.  Домбыра шертілгенде қазақтың кең–байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н. Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дәлелі.. Қос дауыс сарынынан бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман–мүддесі, философиялық сарын, азаматтық үн, жалпы айтқанда, тарихы күй болып төгіледі.

Берік Саймағанбетов
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: