Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Абай-175: Республикалық онлайн конференция өткізілді

Бүгін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасының ұлттық әдебиет пен мәдениеттегі маңыздылығы» тақырыбында республикалық онлайн конференция өткізілді.
Конференция барысында М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы «Ұлы дала өркениеті», Абай мұрасындағы адамгершілік ілімі, М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы «Абай және тарихи тұлғалар бейнесі» тақырыбы жан-жақты қамтылды. 
Сондай-ақ, Абайдың хакімдік қыры, Абайдың ұстазы - Қамараддин хазірет жайында әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, «Абай жолы» романындағы «Өазақ әйелінің образы», Абайдың қара  сөздерінің бүгінгі күнгі  өзектілігі мәселелері талқыланды. 
Аталмыш конференцияға өткізуге облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолдау көрсетті. Оны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. 
Конференция тарих ғылымдарының кандидаты және бүгінгі шараның модераторы Нұрлыбек Мыңжастың кіріспесөзінен басталды. 
Республикалық басқосуда М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы Гүлжахан Орда, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  доценті, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Марат Нұрғазыұлы Бекбосынов, Шәкәрім университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Айман Советқызы Ақтанова, «Өрлеу» ұлттық орталығының  кафедра меңгерушісі,  философия  ғылымдарының докторы  Баймырза Қожамберліұлы,  Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айман Ералықызы Айтбаева, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайберген, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Қылышбайұлы Қосанов сынды белгілі ғалымдар ақын мұрасы жайлы тың деректерге негізделген баяндама жасады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: