Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Абайды ұлықтауға арналған 600-ден аса шара өтті

Жыл басынан бері сала бойынша түрлі форматта 8 мыңнан аса мәдени онлайн іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 8 республикалық, 40 облыстық онлайн конкурс, фестивальдер өткізілді. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.
- Өздеріңізге белгілі биыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Абай Құнабайұлының 175 жылдығы, Ұлы жеңістің 75 жылдығы. Осы айтулы күндерді атап өтуге арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес ауқымды шаралар өткізілді. Атап айтсақ, Е.Төлеубайдың «Абай» трагедиясы, «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы, Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейінің Қызылорда қаласында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты жылжымалы көрмесі, жалпыреспубликалық «Музейлер шеруі» акциясы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде  «Абай музейде» танымдық шарасы ұйымдастырылып,  «Абай әлеміне саяхат» атты абайтану бұрышы ашылды. Жалпы бүгінге дейін ұлы ақынның мерейтойына арналған облыс бойынша 612 іс-шара өткізілсе, оның 508-і онлайн форматта ұйымдастырлды,-деді Мира Рахымжанқызы
Сондай-ақ, шаралардың барлығын Youtube желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналынан  барша көрермендеріміз тамашалап отыр. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: