Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазақтың көрнекті ақыны Ибрагим Иса өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Ибрагим Иса өмірден өттіҚазақтың көрнекті ақыны, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ибрагим Иса 66 жасқа қараған шағында өмірден өтті деп хабарлайды "Алаш айнасы".
Ибрагим Иса 1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып тәмамдаған. Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық шығармашылығы үйінде нұсқаушы-әдістемеші, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, «Ара» журналында фельетоншы, «Жалын» альманахында редактор, «Сахна-Сцена» журналында бас редактор, «Сақшы - На страже» газетінде, «Арай» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.
Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған. «Алтын сырға», «Таң алдындағы ән», «Тербеледі қайыңдар», «Жанымның жарығы» өлеңдер жинағының, көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Ән-аға» атты ән альбомы шыққан. Коми ақыны И.Куратовтың, орыс ақыны Н.Рубцовтың өлеңдерін қазақ тілiне аударған.
Ақынды ақтық сапарға шығарып салу шарасы Алматы қаласында, дүйсенбі күні таңертеңгі 10:00-де Жазушылар одағында өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: