Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр кешені бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

Бүгін Үкімет отырысынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиын өткізіп, кадрлық өзгерістермен таныстырды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр кешені бойынша департаментінің басшысы лауазымына Құдайбергенов Ринат Мәжитұлы тағайындалды.
Аймақ басшысы Ринат Мәжитұлының экономика және қаржы саласындағы мол тәжірибесін атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
«Ринат Мәжитұлы – аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметте сатылап өскен, әлеуеті жоғары кадр. Көп жылдар бойы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттарын айқындайтын экономика және қаржы басқармасында табанды еңбек етіп, басты индикаторларға және межелі міндеттерге қол жеткізді. Басқарма басшысының орынбасары ретінде Үкімет қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің кешенді жоспарында көрсетілген міндеттерді орындауға өз үлесін қосты. Ол жаңа қызметте «Байқоңыр» кешенінің аумағында орналасқан республикалық мүлікке, оған мемлекет құқықтарын, жекешелендіруді іске асыру саласына басшылық жасайды. Ринат Мәжитұлы, Байқоңыр аумағындағы әрбір мәселе Президенттің тікелей бақылауында. Сондықтан өзіңізге сеніп тапсырылған жұмысты абыроймен атқарады деп есептейміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Ринат Мәжитұлы 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар экономисі» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кафедра ассистенті ретінде бастаған.
2003-2012 жылдары облыстық экономика басқармасының жетекші маманы, бас маманы, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы ретінде жұмысты үйлестіре білді. 2012-2022 жылдары облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында еңбек етті.
2022 жылдан бастап осы кезге дейін облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: