Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс әкімінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы өкімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен облыстық мәслихатының келісімі бойынша Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы тағайындалды.
Қалижан Жеңісбекұлы 1980 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және 2006 жылы Ресей Ішкі істер министрлігінің академиясын бітірген. Мамандығы - заңгер.
Еңбек жолын 2002 жылы Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының экономикалық қауіпсіздік бөлімінің жедел уәкілі ретінде бастаған. 2010-2014 жылдары  Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы, Көліктегі ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының желілік полиция пункттеріне басшылық ету бөлімінің бастығы, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: