Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Мектептерде санитарлық талаптар қатаң сақталады

Жаңа оқу жылында Сыр өңіріндегі барлық білім беру ұйымдарында санитарлық талаптар қатаң сақталады. 
Бұл туралы облыс әкімі Г.Әбдіқалықова өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде айтты. 
Жаңа оқу жылында Білім және ғылым министрлігі ұсынған тәсілдер бойынша 220 мектеп қашықтан оқытылса  (116 592 оқушы), шалғай орналасқан елді мекендегі 73 мектептен (11004 оқушы) дәстүрлі оқытылады. 
Биылғы оқу жылында ата-аналардың өтінішіне сәйкес, 1-4 сыныптағы 41 547 оқушы дәстүрлі білім алмақ. Бұл ретте білім беру ұйымдарында қатаң санитарлық талаптар сақталады. 
Қашықтан оқитын балаларды компьютерлік техникалық құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, мектеп теңгеріміндегі компьютерлер оқушыларға уақытша пайдалануға берілді. Сонымен бірге, жергілікті бюджет есебінен 176,7 млн.теңгеге қаралып, бұл қаржыға 2635 планшет алынды. Ал, республикалық бюджеттен бөлінген 3,4 млрд.теңге қаржыға 22 870 компьютерлік техникалар сатып алу жұмыстары жүргізілуде.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: