Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ЕҚЫҰ бақылаушылары Қызылордаға келді

ЕҚЫҰ бақылаушылары Қызылордаға келдіҚызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ миссиясы шақырылған бақылаушылармен кездесті.
Қызылордада ЕҚЫҰ мүшелері ирландиялық Майкл Джон мен германиялық Яна Катарина келді. Қазір бақылаушылар облыстың бірнеше аудандарында болып, сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты. Жалпы аймақта 1 облыстық, 7 аудандық, 1 қалалық аумақтық және 345 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Оның құрамында 2478 адам жұмыс жасауда. Сондай-ақ, аталмыш комисссия құрамында студенттер мен қоғам қайраткерлері және еңбек ардагерлерінен құралған 345 еріктілер бар. Бұдан бөлек, мемлекеттік емес органдардан 700-ден астам бақлаушы жұмыс істейтін болады. 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қонақтарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы және сайлау қарсаңында жүргізіліп отырған дайындық жұмыстары туралы айтып берді. Ол заңнамаға сәйкес негізгі жұмысты сайлау комиссиялары жүргізіп отырғанын атап өтті.
«Біз сайлаудың айқын және ашық, заң талаптарына сәйкес өтуіне күш салатын боламыз», - деді Қ.Көшербаев
Халықаралық бақылаушылар саяси науқанға дайындықтың жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
ЕҚЫҰ миссиясы делегациясының басшысы, өз кезегінде, сайлауды байқауға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: